Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті облыс тұрғындары!
Сіздерді барша мұсылман қауымының қасиетті мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – ізгілік пен мейірімділіктің, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Елдің берекесін бекемдеп, ауыз бірлігін артырады. Еңбастысы, жүректерге иман ұялатып, ігі істер жасауға үндейді. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына мейірім төгеді.
Қадірлі ағайын!
Жаратқан Иеміз қасиетті мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен ырысқа толсын!
Отбасыларыңызға амандық, амалдарыңызға адалдық тілеймін!