
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы Ұлытау, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының мәдениет саласындағы жұмыс қорытындылары қаралды.
Жетісу облысында алғашқы жартыжылдықта төрт ауылдық мәдениет үйі ашылды. Жыл соңына дейін тағы бес мәдениет үйі мен аудандық кітапхананы пайдалануға беру көзделген. Облыстық филармония жанынан камералық хор құрылып, Бикен Римова атындағы академиялық драма театрдың репертуары бес жаңа қойылыммен толықты. Сегіз аудан мен екі қалада жүргізілген экспедиция барысында материалдық емес мәдени мұраны сақтап келе жатқан 124 өнер иесі анықталды. Сондай-ақ Жаркент мешітін басқару жоспарын әзірлеу жалғасып жатыр.
Жиын қорытындысында өңірлерге Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Мәдениет және ақпарат министрлігі жүктеген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, екінші жартыжылдыққа жоспарланған жобаларды мерзімінде аяқтау және көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Тапсырмалардың орындалуы Мәдениет комитетінің бақылауында болады.
Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет ресурсы
Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр