Қаланы абаттандыру мәселелерін шешуге арналған чат-бот туралы білесіз бе?

Қаланы абаттандыру мәселелерін шешуге арналған чат-бот туралы білесіз бе?

2024 жылғы маусым айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан TazaQazBot чат-боты арқылы әрбір тұрғын өз қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға және абаттандыру жұмыстарына үлес қоса алады.

Егер сіз заңсыз қоқыс үйіндісін, қоқыс контейнерлерінің толып кеткенін, көше жарығының істен шыққанын, жолдың бүлінгенін немесе басқа да заңбұзушылықтарды байқасаңыз, бұл туралы TazaQazBot чат-боты арқылы хабарлай аласыз.

Ол үшін мәселенің фотосуретін жіберіп, орналасқан жерін көрсетіп, қысқаша сипаттама жазсаңыз жеткілікті. Өтініш қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы мемлекеттік органдарға жолданады.

Бірлесе отырып, қалаларымызды таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз.

Таза қоршаған орта – әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады.

Дереккөз: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайты

Қаланы абаттандыру мәселелерін шешуге арналған чат-бот туралы білесіз бе?