Жетісуда «Наурыз FEST» өтіп жатыр

Жетісуда «Наурыз FEST» өтіп жатыр

Биыл 13–23 наурыз аралығында республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Наурыз FEST» акциясы Наурызнама онкүндігінің аясында Жетісу облысында да кең ауқымда өтуде. Бұл бастама халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлаумен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, отандық өндірушілерді қолдауға және тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Республикалық акцияға өңірдегі ірі сауда желілері мен сауда орындары белсенді қатысуда. Атап айтқанда, «TOIMART», «SMALL», «Magnum» сауда желілері, сондай-ақ «Шаған», «Евразия», «Керуен», «Қарағаш», «ЦУМ», «Айзере», «Magnit», «As-mart» секілді сауда үйлері мен минимаркеттер тұрғындарға жеңілдетілген бағамен тауар ұсынып, мерекелік сауданың қызуына үлес қосып отыр. , - деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Азамат Жаңбырбаев.

Наурыз мерекесінің биылғы тағы бір ерекшелігі – өңірдің әр аудан-қалаларында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Оларда жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары тұрғындар үшін ет, сүт өнімдерін және басқа да түрлі азық-түлік тауарларын тиімді бағада ұсынуда.

- Наурыз аясында жәрмеңке өткізу өпайдалы әрі игі шара. Өйткені осы мерекелік күндерде үйге ағайын-туыс, дос-жаран, қонақ келеді, дастархан жайылады, сондықтан азық-түлікті мол аламыз. Осындай кезде жәрмеңкеде қолжетімді бағадағы жергілікті өнімдердің сатылуы бізге көп көмегін тигізіп отыр, - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Зәуре Тұрарқызы.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Қанат Өмірәлинов