Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға кірген тұрғындардың қозғаған тақырыптары негізінен мемлекеттік қордан тұрғын үй алу, денсаулық сақтау, білім гранты мәселелеріне қатысты болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Баспана мәселесін көтерген азаматтарға тұрғын үй бөлу функциясы өткен жылдың мамыр айынан бері «Отбасы банк» АҚ-ға берілгендігі, қазіргі жаңа талаптарға сай үй кезегіне тұру мен үй алу заңдылықтары түсіндірілді. Сол сияқты облыс әкімінің білім грантына тапсырудың жайы да егжей-тегжейлі ұғындырылды. Ал медициналық тексеруден өту мәселесіне байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына нақты тапсырмалар берілді.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Дмитрий Ерофеев