ТҰРАҚТЫЛЫҒЫМЫЗ БЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ НЫҒАЯ БЕРСІН!

ТҰРАҚТЫЛЫҒЫМЫЗ БЕН ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ НЫҒАЯ БЕРСІН!

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған құттықтауы

 

Құрметті жетісулықтар!

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл халқымыздың берекесін бекемдей түсетін, еліміздің бақуатты да өркенді өмірін паш ететін мерейлі мереке.

Осы күні біз әр дәуірде туған еліне жанкештілікпен қызмет еткен, азаттық алу, егемендікке қол жеткізу жолында батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен ұлт қаһармандарын құрметпен еске алып, бас иіп тағзым етеміз.

Бүгінгі күні Жетісу облысының тұрғындары өзінің күнделікті тынымсыз еңбегімен ел игілігін еселеуге белсенді үлес қосып келеді. Біз төл дәстүріміз бен рухани құндылықтарымызды берік сақтай отырып, ортақ болашағымыз үшін тәуелсіздігіміздің тұғырын берік етуге бұдан былай да атсалыса береміз.    

Құрметті жерлестер, баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс, бақ-берекелі ғұмыр тілеймін!

Ортақ Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркендеп, Тәуелсіз еліміздің Туы көкте желбірей берсін!