
Жетісу облысында алдағы екі жылда өнеркәсіп саласында 30 жобасын іске асыру жоспарланған. Солардың қатарында Жетісу облысында қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауыты салынады. Бұл «Жасыл Жетісу» ЖШС жеке инвесторымен бірлескен жоба болмақ. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысының айтуына қарағанда, Кербұлақ ауданында құны 1,3 трлн теңге болатын «Шоғырландырылған тау-кен құрылыс компаниясы» мега-жобасының құрылысы басталды. Жоба аясында 2 230 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.
Сол сияқты Талдықорған қаласында тегістегіш болат шар өндіретін «ME-ELECMETAL» зауытының құрылысы жүріп жатыр.
Бұдан бөлек, келесі жылы Талдықорғанда қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауытының құрылысы жүреді деп жоспарлануда. Бұл жоба «Жасыл Жетісу» ЖШС-мен бірлесіп қолға алынады.
- Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемі 5%-ға артады деп күтілуде. Біздің басты мақсатымыз – инвестиция тарта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, дайын өнімді өңдеу және оны ішкі және сыртқы нарықтарға шығару, - деп атап өтті Бейбіт Исабаев.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков