Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар мүгедектерді оңалту, тұрғын үй мәселелері бойынша жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәселен, талдықорғандық Сая Абдрашева қаладағы оңалту орталығы жанынан ерекше қажеттілігі бар азаматтарды тәулік бойына уақытша қалдыратын топ ашылса, мүгедек азаматтарға жылына бір реттік көмек берілсе деген ұсыныстарын жеткізді. Бұл ретте мұндай уақытша топ ашу мүмкіндіктері заң жүзінде қарастырылмағандықтан, заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс тиісті ведомствоға жолданатыны айтылды. Ал бір реттік көмек облыс бюджетінің мүмкіндіктеріне қарай кейін қарастырылатын болады.

Қабылдауға тұрғын үй кезегінде тұрған, сол сияқты үйінің құжаттарын сот арқылы заңдастыруға кіріскен азаматтар да келді. Оларға тұрғын үй берудің заңдылығы туралы «Отбасы банк» АҚ мен тұрғын үй инспекциясы өкілдері түсіндірді.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жұмабай Мұсабеков