Ұшқынсыз электр қуаты: 60 секундтық үй қауіпсіздігі

Ұшқынсыз электр қуаты: 60 секундтық үй қауіпсіздігі

Электр энергиясы біздің өмірімізді жеңілдетеді, бірақ тұрмыстағы өрттердің әр үшіншісі дәл соның салдарынан болады. Жақсыс – мұндай қауіптің алдын алу оңай. Ол үшін бірнеше қарапайым ережені сақтасаңыз жеткілікті.

Қауіпті шамадан тыс жүктеме

Ең жиі кездесетін қателік – бір розеткаға бірнеше құрылғыны қосу. Жылытқыш, шәйнек, микротолқынды пеш пен қуаттағыштың бәрін бір ұзартқышқа жалғау желіні шамадан тыс жүктейді.

- бір ұзартқыш сымға бірнеше қуатты құрылғыларды қоспаңыз;

- жерге тұйықталған және автоматты қорғанысы бар ұзартқыш сымдарды таңдаңыз;

- егер штепсель немесе розетка қызып ұясы қызып, күйік иісі шықса – бірден ажыратыңыз.

Сымдар мен розеткаларды бақылаңыз:

Зақымдалған сым, оқшау қабатының бүлінуі, шанышқы тығынды қосқанда шыққан ұшқын – өртке тура жол.

- сынықтары бар сымдарды пайдаланбаңыз, оқшаулауды жөндеудің орнына орап қоюға болмайды;

- жарықтары бар розеткалар мен ажыратқыштар, күйік іздерін кейінге қалдырмай ауыстыру керек;

- сымдарды кілемнің астымен немесе есіктің астымен жүргізбеңіз – олар тез үгітіледі.

 Қауіпті әдеттер

 Өрттердің көбі түнде немесе үйде ешкім болмаған кезде басталады.

- жұмыс істейтін жылытқыштарды, үтіктерді, баяу пештерді қараусыз қалдырмаңыз;

- телефон мен гаджеттерді жұмсақ жиһазға немесе жастықтың астына зарядтамаңыз;

- зарядтағыштарды пайдаланбасаңыз, оларды розеткадан шығарыңыз.

Балалар және электр

Балаңызға розетка ойыншық емес екенін түсіндіріңіз. Қорғаныс штепсельдерін қолданыңыз және кеңейтімдерді ойын аймағында қалдырмаңыз.

Бар болғаны бір минут уақытыңызды бөліп, үйді шолып шығыңыз – сымдар мен штепсель ұяларын тексеру арқылы – сіз үйіңіздің қауіпсіздігін арттырасыз. Бұл сіздің «60 секунд қауіпсіздігіңіз», ол бір күні өмірді сақтап қалуы мүмкін.

Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты

Ұшқынсыз электр қуаты: 60 секундтық үй қауіпсіздігі