Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына дизель отыны көлемін қалыптастыру үшін өтінім беру 2025 жылдың желтоқсанның 1-інен 30-ына дейін қабылданады

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына дизель отыны көлемін қалыптастыру үшін өтінім беру 2025 жылдың желтоқсанның 1-інен 30-ына дейін қабылданады

Хабарлама!

Жетісу   облысының   ауыл    шаруашы­лығы     басқармасы   (бұдан-әрі Басқарма) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан- әрі Қағида) № 137 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отыны көлемін қалыптастыру үшін өтінім беру 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 30 желтоқсанына дейін қабылданатынын хабарлайды.

Жеке кабинет ашу үшін веб-порталда тіркелу кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:

        1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;

        2) бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы;

        3) байланыс деректері (почта мекенжайы, телефон, электрондық почта мекенжайы);

        4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық пошта операторының ағымдағы шотының деректемелері.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші бір жұмыс күні ішінде веб-порталдағы жеке кабинетке енгізілген дербес шоттың деректерін өзгертеді.

Бұл ретте танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта өтінім жіберуге жол берілмейді. Дизель отынының көлемін есептеу 1 га арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, автоматты түрде жүргізіледі.             

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7282) 60-00-52 телефон нөмеріне хабарласуға болады.

 

Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы