
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде еліміздегі
заманауи Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Инновациялық зертхана студенттердің инженерлік және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Fab-Lab (Fabrication Laboratory) — әлемнің жетекші оқу орындары қолданатын цифрлық өндіріс зертханалары желісінің халықаралық форматы.
Зертхана үш негізгі бағытта жұмыс істейді:
- Робототехника зертханасы – NAO гуманоид роботтары мен WorldSkills стандарттарына сай платформалар арқылы құрастыру және бағдарламалау дағдыларын дамытуға арналған.
* 3D модельдеу және 3D басып шығару зертханасы – Fusion 360, SolidWorks, Blender бағдарламаларында прототиптер мен цифрлық модельдер жасауға мүмкіндік береді.
- Жасанды интеллект зертханасы – Python, машиналық оқыту, компьютерлік көру және нейрондық желілер бойынша практикалық білім алуға бағытталған.
«Жұмысшы мамандықтар жылында осындай заманауи зертханалардың ашылуы – еліміздің болашақ инженерлері мен техниктерін дайындаудағы үлкен стратегиялық қадам. Fab-Lab жастардың тек оқып қана қоймай, нақты өнім жасап, инновациялық жобалар әзірлеуіне мүмкіндік береді. Бұл — еңбек нарығына қажетті жаңа буын мамандарын қалыптастырудағы маңызды бастама», – дейді Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басшысы Әсет Мұхамбетов.
Жаңа орталық студенттерге теорияны тәжірибемен ұштастырып, өз идеяларын іске асыруға, өнеркәсіп пен IT саласына қажетті жобалар әзірлеуге жол ашады.
Дереккөз: ҚР Оқу ағарту министрлігінің ресми интернет ресурсы
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Талдықорғанда Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды