
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" қаулысына сәйкес елдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Жетісу облысының Алакөл ауданынан табыншы Қамизанов Жасқайрат Кисимелұлы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды, сол сияқты Көксу ауданындағы «Көксу қант зауыты» ЖШС директоры Алтынбек Абатовқа "Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты