Жетісу облысында соңғы 3 жылда 32 жаңа спорт нысаны салынып, 3 объект күрделі жөндеуден өтті

Жетісу облысында соңғы 3 жылда 32 жаңа спорт нысаны салынып,  3 объект күрделі жөндеуден өтті

Жетісу облысында соңғы 3 жылда спорт инфрақұрылымын дамыту бағытында 32 жаңа спорт нысаны салынып, 3 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл 1 мың адамға шаққанда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтылу деңгейін 66,8%-ға жеткізу жоспарлануда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, өңірде  жалпы саны 35 спорт мекемесі бар, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 23 спорт мектептерінде 57 спорт түрі бойынша 21 568 спортшы шұғылданса, облыс көлемінде  59 аккредиттелген спорттық федерациялар қызмет атқарады. Биыл жан басына шаққандағы спорттық тапсырыс бойынша 160 спорттық секцияда 6183 бала спортпен шұғылданады. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың саны 292 504 адамға жетті, бұл облыс халқының 42%-ы деген сөз.

«Осы орайда 2025 жылы 8 спорттық нысанның құрылысын жүргізуге қаржы бөлінді, олардың 1-еуі қолданысқа берілді, 7-еуі жыл соңына дейін аяқталады. Бұдан бөлек 5 футбол алаңының құрылысы жүргізіліп, оның 3-еуі Кербұлақ, Панфилов, Сарқан аудандарында қолданысқа берілді. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен Қаратал ауданы Кәлпе ауылында блокты-модульдік үстел теннисі кешені ашылды», - дейді басқарма мамандары.

Атап өтсек, жыл басынан бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 4 614 іс-шара ұйымдастырылып, 108 мыңдай адам қамтылған.

Жалпы 2025 жылдың он айында облыс спортшылары барлық деңгейдегі жарыстарда 1 046 медаль, яғни  387 алтын, 319 күміс, 340 қола жеңіп алды. Сондай-ақ биыл 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 57 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 677 спорт шеберіне үміткерлер және бірінші спорттық разрядтағы 204 спортшы дайындалды.         

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев, сол сияқты бірқатар фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.