
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
25 қазан – Республика күнімен және
Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануының
35 жылдығымен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Республика күніне орай және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Бұл тарихи құнды құжат Қазақстанның мемлекеттілігіне берік негіз бола отырып, еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашты. Сондықтан бұл мерекеде азаттық жолында тер төккен бабалар рухына тағзым етіп, еліміздің іргесін нығайтуда әрбір азаматтың лайықты үлесін атап өту маңызды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды» деп атап өткен болатын.
Осы ретте мен барша жетісулықтарға ел мен жерге деген сүйіспеншілігі, адал еңбегі мен қажырлы қызметі үшін алғысымды білдіремін.
Алдағы уақытта да бірлігіміздің арқасында ортақ мақсаттарға жетуде жемісті жұмыс атқарамыз деп сенемін.
Баршаңызға денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға берекелі ғұмыр тілеймін.
Жалпыұлттық мереке халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта берсін. Отанымыз Қазақстанның тұғыры мықты, тәуелсіздігі баянды болсын!