Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!
2025 жылдың 27-28 қыркүйегінде Жетісу облысының тауар өндірушілері ұйымдастыратын күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!
Жәрмеңкеде сіздер үшін өңірдің 2 қаласы мен 8 ауданынан келген өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.
Жәрмеңкеге сапалы ет, балық, сүт өнімдері, балғын көкөністер мен жемістер, табиғи бал, жарма, ұн, қант және май, ұлттық сусындар, жалпы көлемі 154,8 тонна түрлі өнімдер жеткізіледі.
Өзіңізге қажетті азық-түлікті тиімді бағамен алуға мүмкіндігіңіз бар.
Өтетін жері: Астана қаласы, Қарқаралы 1 тас жолы (ипподром).
Жетісу облысының өндірушілеріне қолдау білдіріп, жәрмеңкеге келіңіздер!
Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы