Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Биыл Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға себілді, оның 200,2 мың гектары суармалы егістікте өсіріледі. Егісітік 6 су қоймасы және 12 өзен су арқылы суарылады. Қазіргі кезде қоймалардың орташа толуы 45%, олар суару режимінде жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауа-райының орташа температурасының қалыптан жоғары болуына байланысты, өзендердегі су өтілімі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төмендеді. Дегенмен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы шаруашылықтарға суармалы су қажетті көлемде беріліп, дақылдар үшінші мәрте суарылып жатқанын айтты.

Сонымен қатар 2025 жылы су үнемдеу технологиясын 26,4 мың гектардан 55,2 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Бүгінгі күнге 35,9 мың гектарға енгізілген, оның 13,3 мың га – тамшылатып сурау,  22,6 мың га жаңбырлатып суару жүйесі.

«Бұдан бөлек, облыста суарудың арзан және қолдануға жеңіл түрі - дискреттік тәсіл қолға алынған. Бүгінгі күнге 4,8 мың гектар алқапқа енгізілді, бұл су шығынын 30%-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді. Бұл тәсілді шаруашылықтар жаппай енгізіп жатыр. Облыстағы суармалы егістік жерлерді сумен тиімді қамтамасыз ету бағытында тиісті қажетті шаралар қабылдануда», - делінген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарламасында.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды