Бейбіт Исабаев Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Бейбіт Исабаев Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттарымен кездесті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысымен кездесуге Парламент Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембинов, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Толамисов, сол сияқты Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев және облыстық мәслихат хатшысы Гүлнар Тойлыбаева қатысты.

Әңгімелесу барысында аймақта республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жобалардың іске асырылуы, өңірдегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Сол сияқты Парламент қабырғасында қабылданған заң жобалары, Бюджет Кодексі, мен Салық Кодексі бойынша өзгерістер жайлы баяндалды.

Еске салсақ, аталған депутаттар алдағы бір апта бойы облыс аудан, қалаларында болып, әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандардың жұмысымен танысып, құрылыс алаңдарын аралайды. 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.