Бас қаламыз гүлденіп, көркейе берсін!

Бас қаламыз гүлденіп, көркейе берсін!

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

Астана күніне арналған құттықтауы

 

 

Құрметті жетісулықтар!

 

Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын!

Астана Қазақстанның геостратегиялық орталығы ретінде мемлекетіміздің бағыт-бағдарын айқындауда, еліміздің орнықты дамуы мен қоғамдағы түбегейлі өзгерістерді жаңа сапаға көтеруде негізгі бастамашы болып отыр.  

Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, елордамызды жаңа Қазақстанның символы деуге болады. Сарыарқа төсінде бой түзеген кіндік қала бүгінде Отанымыздың қаржылық-экономикалық, рухани-мәдени көшбасшысына айналды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзінің атына сай кескін-келбеті, абырой-беделі, бай тәжірибесі қалыптасты. Басқа аймақтар сияқты Жетісу облысы да Астанаға қарап бой түзеп, елордамен бірге дамып келеді.

Байтақ жұрт қадірлейтін бас шаһар алдағы уақытта да гүлденіп, көркейе берсін.

Баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, бейбіт те берекелі ғұмыр, отбасыларыңызға жақсылық тілеймін.