Жер қойнауын пайдалану және туризм салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды

Жер қойнауын пайдалану және туризм салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды

Жетісу облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2025 жылғы 2-тоқсанның отырысы өтті.

Іс-шара барысында субъектілердің өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары қаралды.

Отырыста жер қойнауын пайдалану (құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру бойынша) және туризм («Жетісу» туристік ақпараттық орталығы» КММ қызметі бойынша) салаларында  атқарылған жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы , сондай-ақ комплаенс-қызметтердің (комплаенс-офицерлердің) қызметін бағалау нәтижелері талқыланды.

Аталған салалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің зерттеу нысандары болып танылған еді.

Отырыс қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарын орындаудың нақты мерзімдері белгіленді. Жұмсалатын бюджет қаражатының ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару тапсырылды.

 

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі