Жетісу облысы өкілдері органикалық және карбондық егіншілікті дамыту мәселелері талқыланған «Дала күніне» қатысты

Жетісу облысы өкілдері органикалық және карбондық егіншілікті дамыту мәселелері талқыланған «Дала күніне» қатысты

Ағымдағы жылы 19 маусымда Алматы облысы, Алмалыбақ ауылында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында «Органикалық және карбондық егіншілікті дамыту: тұрақты ауыл шаруашылығы» тақырыбында Дала күні өтті.

Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Мемлекет басшысының климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырды.

Шарада көміртегі егіншілігін дамыту, топырақ құнарлылығын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдер, органикалық секторды қолдаудың институционалдық тетіктері талқыланды.

Іс-шараға Жетісу облысы, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары және халықаралық сарапшылар қатысты.

Дала күні қорытындысы бойынша Қазақстанда органикалық және карбондық егіншілікті дамыту жөнінде нақты ұсыныстар мен тетіктерді қамтитын арнайы резолюция қабылданды.

Ақпарат көзі: ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы