Талдықорған қаласының Рақышев және Алдабергенов көшелерінің қиылысында орналасқан коммуналдық базар аумағында әр аптаның сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіндігін еске саламыз.
Сондай-ақ, Жетісу облысының аудан орталықтарында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша.