2025 жылғы 30 наурызда Панфилов ауданындағы № 9 бірмандаттық сайлау округінде болатын мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 4 кандидат ұсынылды. Оның 1- саяси партиядан («Ауыл» партиясы» РҚБ), 3- өзін-өзі ұсынды.
1 кандидат «Ауыл» партиясының мүшесі болып табылады, 2– партияға мүше емес, 1- партияға тиесілігін көрсетпеген.
Барлығы ер адам. Орташа жас – 45,5 жас. Барлығының білімі жоғары.
Кандидаттардың 1- мемлекеттік мекемеде, 2- коммерциялық құрылымда, 1- қоғамдық бірлестікте жұмыс істейді.
2025 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиясы барлық кандидаттар тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі – 2025 жылғы 5 наурыз сағат 18.00-де.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2025 жылғы 29 наурыз күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.