«Қамқор» орталығында қайырымдылық акциясы өтті

«Қамқор» орталығында қайырымдылық акциясы өтті

Бүгін Талдықорған қаласындағы «Қамқор» орталығының қамқорлығындағы жандар үшін Діни бірлестік жетекшілері клубының қызметі аясында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда қамқорлық, жылылық және өзара көмектесу атмосферасын қалыптастыру.

Акция барысында орталықтың қатысушыларына жеміс-жидек пен тәттілер салынған сыйлық себеттері табысталды.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жетісу облысының дін істері басқармасы және Діни бірлестік жетекшілері клубының мүшелерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Осындай қайырымдылық шаралары – қоғамдағы ынтымақтастықты, өзара түсіністік пен адамзаттық құндылықтарға деген құрметті нығайтудың маңызды қадамы болып табылады.