Талдықорған қаласында «Пасха мейрамы құтты болсын!» атты әлеуметтік-ағартушылық акция өтті. Шара «Светлое Христово Воскресение» мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарын Пасха мейрамымен құттықтау, бейбітшілік, мейірімділік пен бірлік сияқты рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ мәдени және діни дәстүрлерге деген құрметті көрсету.
Акция барысында қала тұрғындарына пасхалық куличтер, боялған жұмыртқалар және құттықтау ашықхаттары таратылды.
Мұндай іс-шаралар қоғамда өзара түсіністік пен сыйластықты арттырып, татулық пен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді