
Жетісу облысы дін істері басқармасының 2025 жылғы жоспарына сәйкес 2025 жылғы 26 наурыз күні «Жан жылуы» акциясы жүзеге асырылды.
Жобаның мақсаты – субъектілер арасында өзара қарым-қатынасты нығайту, әлеуметтік қолдау көрсету, достық, сенімгерлікті арттыру ететін діндар контингентпен, әлеуметтендіру бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру.
Шара аясында теологтар мен дінді қатаң ұстанатын әйелдер азаматшылар жеке топты сұһбат құра отырып, өзара жылы атмосферада ойларымен ашық бөлісті.
Одан бөлек, әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету және оңалту субьектілері нысаналы топ өкілдерімен сенімді байланыс орнату мақсатында 2022-2025 жылдарға арналған «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын іске асыру бойынша «Жан жылуы» акциясы аясында нысаналы топ өкілінен 9 әйелге азық түлік себеті үлестірілді.
Сонымен қатар, 26 наурыз күні сағат 14:00 Панфилов аудандық орталық мешітінде РАТТ мүшесі, Нұр – Мубарак университетінің аға оқытушысы, PhD доктаранты Сариева Жадыра Жұмағазықызымен «Тәубеге келу» тақырыбында рухани кездесу өтті.
Шараға ауданның әйел – қыздар жамағаты қатысты, олар тақырыптан тыс бүгінгі күнде өзекті тақырыптарда сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарына толықтай жауаптарын алды.
Шараға 50 адам қамтылды. Кездесуден кейін ауданның әйел – қыздар жамағаттарына ауызашар ұйымдастырылды.