Жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша оқыту семинарын өтті

Жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша оқыту семинарын өтті

   9 - 10 мамыр күндері аралығында жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша оқыту семинарын өтті. Лектор: Мирас Қонысбекұлы – дінтанушы, жасанды интеллект саласының маманы. Қатысушылар: Киберқауіпсіздік және қарсы насихат бөлімінің қызметкерлері.

  Мақсаты: Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, мониторинг және контент жасау процесіне заманауи технологияларды енгізу.

   «Жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану: промпттар әзірлеу және цифрлық контент жасау» тақырыбындағы семинар барысында келесі бағыттар бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді:  Промпт-инжиниринг: Мәтіндік және визуалды контентті генерациялау үшін тиімді сұраныстар (промпттар) әзірлеу әдістемесі үйретілді.  Қарсы насихат: Нейрожелілер көмегімен қарсы насихаттық материалдарды шұғыл дайындау жолдары көрсетілді.  Мониторинг: ИИ құралдары арқылы цифрлық кеңістікті бақылауды автоматтандыру технологиялары талқыланды.  Визуалды контент: Профилактикалық жұмыстарға арналған сапалы визуалдар мен видеолар жасау (сценарий жазу, сурет генерациялау) дағдылары пысықталды.