Ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

12 ақпан Талдықорған қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында «Зайырлы мемлекет және діни сауаттылық» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары мен жаттықтырушылар құрамы қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында деструктивті идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, діни сауаттылық деңгейін арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын нығайту.

Спикер ретінде Орталықтың маман-теологы, дінтанушы-психолог Мүтебаев Қанат Маратұлы сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол радикалды идеологияның белгілерін, жастарды деструктивті ағымдарға тарту тетіктерін, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жан-жақты түсіндірді. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.