
Жетісу облысының дін істері басқармасының басшысы Жаңабай Сағыныш Асқарұлы жергілікті Ехоба куәгерлері діни бірлестігінің өкілдері — Д.Н. Джампеисов және В. Галузаны қабылдады. Кездесу барысында өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын атап өтіп, 2026 жылдың жоспарлары мен жұмыс мәселелері талқыланды. Тараптар өзара түсіністік пен сындарлы диалогты дамытудың маңыздылығын атап өтті.