28 тамыз күні басқарма басшысы Алакөл ауданы, Лепсі ауылында Діни бірлестіктер жетекшілері клубының кезекті III отырысына қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында экскурсия форматынды өткізілді. Достық пен өзара түсіністік рухын, конфессияаралық келісімді нығайту мақсатына орай Лепсі тарихи өлкетану музейіне, Сиверс алмасының табиғи өсетін орнын қамтитын ұлттық паркіне экскурсия және бал өңдіру заводының жұмысымен танысу өкізілді.