Ақтөбе мен Атырау облыстарында тәжірибе алмасу және бейнетүсірілім жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе мен Атырау облыстарында  тәжірибе алмасу және бейнетүсірілім жұмыстары жүргізілді

            Ағымдағы жылдың 11-14 тамыз аралығында Ақтөбе облысының Дін істері басқармасы және оған қарасты «Аңсар» ақпараттық орталығы КММ, «Ихсан» ҚБ-нің,  Атырау облысының дін істері басқармасы және оған қарасты «Аналитикалық зерттеу орталығы» КММ, «Шапағат» ҚҚ-ның жұмыстарымен танысып, мамандарымен өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, орталықтың «Бабалар ізімен» атты бағдарламасы аясында батыс өңірінен шыққан тұлғаларға қатысты арнайы 9 бейнетүсірілім және «Қылышсыз майдан» бағдарламасы аясында 9  бейнетүсірілім жүргізілді.     Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының қоғам қайраткерлерімен Ақтөбе қалалық мешітінің ғимаратында арнайы 3 подкаст бейне сұхбат түірілсе, Атырау қаласының қоғам қайраткерлерімен «Шапағат» ҚҚ-ның ғимаратында арнайы 5 подкаст бейне сұхбат жүргізілді.