
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Талдықорған қаласының активтерімен РАТТ мүшесі, дінтанушы, теолог Нұр-Мүбарак ЕИМУ аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлымен «Діни салаға қатысты туындаған мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өзекті сұрақтарға жауап берілді. Аталған кешенді жоспар аясында мәдениет, спорт салалары және білім, полиция қызметкерлері қамтылатын 42 іс-шара жоспарланған.