Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы Есдәулетов Алматыдағы қасиетті үштіктің Рим-католик епархиясның басшысы, миссионер Епископ Хосе Луис Мумбиела Сьерра және «Азапкерлердің патшаханым - Мариәм атындағы Рим-Католик приходы» Кербұлақ, Панфилов аудандары бойынша діни бірлестігінің жетекшісі, миссионер (Шульчус Каститис) Казимирді жеке мәселелері бойынша қабылдап, кездесу өткізді. Кездесу барысында Рим-католик епархиясы өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді, ҚР діни қызмет саласындағы заңдары аясына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.