
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Ораз Ахун қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Жетісу облысы имамдарына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.
Курстың ашылуына Басқарма басшысы Жаңабай Сағыныш Асқарұлы, Жетісу облысы бойынша бас имам Дәуітов Керімбек Сәрсембайұлы қатысты.
Курстың мақсаты дін саласындағы мәселелер мен жамағат тарапынан туындайтын сұрақтарға тиісті деңгейде жауап бере алатын білікті имамдар корпусын даярлау.
Аталған курс топтастырылған түрде Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандары имамдары Үшарал қаласында, Ескелді, Көксу, Қаратал, Текелі, Талдықорған қалаларының имамдары Бозтоған ауылында (Калиман апа ҚМ) оқуға қатысуда.
Өткізіліп жатқан курстарға «Нұр Мүбарак» ЕИМУ ұстаздары, РАТТ мүшелері А.Әділбаев, Б.Ботақараев дәріскер ретінде тартылуда.
Одан бөлек Панфилов, Кербұлақ аудандарының имамдары шілде айында Жаркент қаласында курстан өткізіледі.
Жоспарға сәйкес өткізілетін курстар аясында барлығы 125 имамды қамту көзделуде.