«Салауатты рух» жобасы аясында рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мини-футболдан турнир өтті!
21 мамыр күні Діни бірлестік жетекшілері клубының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында Алакөл ауданы аумағында мешіт жамағаттары мен имамдардың қатысуымен ерлер арасында мини-футболдан турнир ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен өзара түсіністікті нығайту.
Турнирге 6 команда қатысып, оның ішінде Сарқан ауданының командалары да болды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.