Сұрақ: Экологиялық сараптамаға өтінім қандай тәсілмен ұсынылады?
Жауап: Өтінім «Е-лицензирования» үкіметтік порталы арқылы беріледі.
Сұрақ: Қоғамдық тыңдаулар қандай тәсілдермен өткізіледі?
Жауп: Қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыстар және қоғамдық талқылаулар арқылы өткізіледі. Қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібі 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында айқындалған.
Сұрақ: Қоршаған ортаға эмиссия нормативтері қандай мерзімге белгіленеді?
Жауп: Эмиссиялар нормативтері экологиялық рұқсаттың қолданылу мерзіміне, яғни он жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Сұрақ: Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарастыру мерзімі?
Жауп: III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі өтініш тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнді құрайды. Экологиялық рұқсатты талап етпейтін қызмет түрлері үшін мерзім өтініш тіркелген сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күнді құрайды.