«Алакөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан атқарылған жұмыстары туралы хабарлауды жөн көрдік. 2025 жылдың мамыр айының 14-ші жұлдызында. Үшарал орманшылығына қарасты:
-№10 орам- 11, 13, 15, 16, 22, 23, 25-28 телімдерінде,
-№38 орам- 1 телімінде,
-№40 орам- 2 телімінде,
-№42 орам- 6, 7, 9, 12 телімдерінде,
-№44 орам- 4 және10 телімдерінде
жалпы көлемі 100 гектар орман қоры жерінде жапырақ кеміргіш зиякес жәндіктерге қарсы күрес шаралары жүргізілді.
Зиянкестердің таралуының алдын алу мақсатында «Диурон» улы-химиялық препараты қолданылып, жер үсті әдісімен биологиялық өңдеу жұмыстары толық әрі сапалы түрде орындалды. Бұл шаралар орман алқаптарындағы ағаштардың өсуіне қолайлы жағдай жасап, экожүйенің табиғи тепе-теңдігін сақтауға ықпал етті.