Жетісу облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Е.Мырзабек және жануарлар дүниесі бөлімінің басшысы М.Дәрікбаев 2025 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Б. Бердалиннің Жетісу облысына жұмыс сапары шеңберінде балық шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.
Кеңеске Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының және балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері де қатысты.
Кеңес барысында Жетісу облысының аумағында балық шаруашылығы саласында қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ тауарлық балық өсіру бойынша іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. Б. Бердалин балық ресурстарын қорғау, балық шаруашылығына инвестициялар тарту, сондай-ақ балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған Бағдарламасының белгіленген индикаторларына қол жеткізу бойынша тапсырмалар берді.