
2026 жылғы 10 ақпанда Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Мемлекеттік орман қорында 2 миллиард ағаш отырғызу бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған жиналыс өткізді. Жиналысқа Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасының орман шаруашылығы бөлімінің басшысы, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің директорлары және орынбасарлары қатысты.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 21.01.2026 жылғы №27-03/15-нқ бұйрығының 2-қосымшасы 1-тармағы 1) – тармақшасына сәйкес, Жетісу облысының орман иеленушілерінің 2026 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық мәселелері бойынша, Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен кеңес өткізілді. Кеңеске Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарамасының орман шаруашылығы бөлімінің басшысы және бас маманы, Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің директорлары және орынбасарлары, орманды қорғау және сақтау инженерлері мен орман өрт сөндіру станциясының басшылары қатысты.