
2026 жылғы 22 қаңтарда Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ММ-нің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» қызметкерлері қысқы кезеңде суда еріген оттегінің жетіспеушілігі салдарынан балықтардың қырылуының алдын алу мақсатында Ақсу ауданының Құрақсу ауылы маңында орналасқан резервтік қордағы көлдер учаскелерінде мелиорациялық жұмыстар жүргізді.
Аталған жұмыстар барысында мұз қабатында шұңқырлар бұрғыланып, суды аэрациялау үшін қамыс баулары орнатылды. Су айдындарын аэрациялау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.