
2025 жылғы 24 желтоқсанда Жетісу облысы Алакөл ауданының балық шаруашылығы субъектілерімен Қазақстан Республикасы заңнамасының балық шаруашылығы учаскелерін қайта бекіту бөлігінде қолданылуын түсіндіру бойынша кеңес өткізілді, сондай-ақ 2026 жылға жоспарланған балықтандыру көлемдері талқыланды.
Кеңеске төмендегі тұлғалар қатысты:
• Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшысының орынбасары Қалдаева А.Н.;
• «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары Барақбаев Т.Т.;
• “Qazaq balyk” Республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығының Жетісу облысы бойынша филиалының өкілі Кошымыв С.С.