
Жыл сайын Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 23-бабының 6) тармағына сәйкес мүдделі жеке және заңды тұлғалар мен көрсетілетін қызметті берушілердің қатысуымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша қызметінің есеп берулерін жария талқылау өткізіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы есеп беру қызметі туралы жария талқылаударды өткіздіру халықты жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтерді көрсету сұрақтарын реттейтін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының қабылдаған және жоспарланған іс-шаралары туралы ақпараттандыруға бағытталады. Жария талқылаулар сондай-ақ , қызмет берушілердің қызметтерінің есептілік пен ашықтық принциптерін жүзеге асыруға,көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін тұрақты түрде жетілдіруді және оларды көрсетудін үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге щақырылады. Интернет ресурстарында өткен жыл бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметінің нәтижелері жөнінде есептер орналастырылады.
Ағымдағы жылдың 02 ақпанынан 9 ақпанына дейін Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтында «Қызмет» бағытында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жария талқылаулар» кіші бөлімінде 2025 жылдың 9 айына мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызмет нәтижелері туралы есеп орналастырылатын болады.
Облыс тұрғындарына «Онлайн қабылдау» бөлімі "Электрондық өтініштер" кіші бөлімінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыру мүмкіндігі беріледі.
Облыстың барлық тұрғындарына қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз.