Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің табиғатты қорғауға, орман байлығын сақтау мен көбейтуге қосып жатқан өлшеусіз еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Орман – еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, табиғи байлықтың қайнар көзі. Сіздердің адал қызметтеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында ормандарымыз көркейіп, болашақ ұрпаққа аманат болып қалуда.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
Ізгі ниетпен, Жетісу облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы