Акция "Чистая вода"

Акция "Чистая вода"

«Жетісу облысының табиғи ресурстар  және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі  жедел  қызмет» КММ, «Бөрлітөбе орман шаруашылығы» КММ-нің қызметкерлері 2025 жылдың 03 қазанында  «Таза су» акциясына қатысты. 

Аталған акция «Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-мен Лепсі өзенінің «Балқаш» көліне құятын сағасының ішкі сыртқы жағалауларын қоқыстын тазарту мақсаттында  ұйымдастырылды. Акцияға Қарашыған ауылдық округінің тұрғындары, Қаратал балық инспекциясының мамандары, Жетісу облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы, Жетісу облысы бойынша су көлік инспекциясының қызметкерлері де қатысты.

«Таза су» акциясына 50-адам қатысты және 8 автокөлік пен жүк көлігі жұмылдырылды. Тазалау  жұмыстары барысында жалпы 1300 тыйым салынған балық аулау торлары және 3 тонна қоқыс шығарылды.