2026 жылға арналған орман пайдалану жұмыстарының аясында

2026 жылға арналған орман пайдалану жұмыстарының аясында

 

Үшарал орман шаруашылығының №5 айналымындағы №20 орамның №32 телімінде жалпы ауданы 3,6 гектар болатын аумақта іріктеп санитарлық кесу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Аталған жұмыстардың басты мақсаты – орман алқабының санитарлық жағдайын жақсарту, ағаштардың табиғи жаңаруына және өсуіне қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ ауруға шалдыққан, зақымданған немесе өсіп-жетілуі тоқтаған ағаштарды орманнан шығару арқылы орман экожүйесінің тепе-теңдігін сақтау.

Қазіргі уақытта кесу жұмыстары жүргізілетін телім аумағы таңдалып, ағаш қоры есепке алынып, қажетті нормативтік құжаттар әзірленуде. Жұмыстар 2026 жылға белгіленген кестеге сәйкес іске асырылады.