2025 жылғы 10 шілдеде Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірге Қаратал және Алакөл балық инспекциясы бөлімдері Қазақстан РеспубликасыныңПрезидент Әкімшілігі және Балық шаруашылығы комитетінің тапсырмасына сәйкес, Жетісу облысындағыбалық шаруашылығы субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес балықшаруашылығы субъектілеріне көзделген мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жұмыстары бойыншажиын өткізілді.
📌Аталған жиынға Жетісу облысының жергілікті атқарушы органдары, салық органдары, «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ, ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жетісу облысы бойынша аймақтық филиалы жәнеЖетісу облысындағы балық шаруашылығымен айналысатын субъектілердің өкілдері қатысып, балықсаласына қызығушылығы бар жергілікті халыққа мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жәнеаквакультура саласындағы заң нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.