«2025 жылы әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 301 бұйрығы

«2025 жылы әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 301 бұйрығы

«2025 жылы әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 301 бұйрығы

 

2025 жылы әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2025 жылы 3000 әскери міндетті әскери жиынға шақырылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
  • осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

генерал-полковник                                                        Р. Жақсылықов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі