«Тілдік ахуал: көрнекі ақпарат, жарнама тілі» атты дөңгелек үстел өтті

«Тілдік ахуал: көрнекі ақпарат, жарнама тілі» атты дөңгелек үстел өтті

 2023 жылғы 24 қазанда Тіл сарайында Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы бірлескен «Тілдік ахуал: көрнекі ақпарат, жарнама тілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің облыстық, аудан, қалалық филиалдарының төрағалары, тілге жауапты мамандар мен тіл оқыту орталықтарының оқытушылары, кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері,зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.