2023 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.
Акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылған.
Бүгінде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралардың облыстық жоспары әзірленді. Сонымен қатар, акцияны өткізудің облыстық штабы құрылды.
Жер қатынастары басқармасы тарапынан «Мектепке жол» акциясына қатысу аясында Талдықорған қаласының Еңбек ауылындағы №22 орта мектептің оқушысы А.С. Аметке ақшалай көмек көрсетілді.
Басқарманың атынан баршаңызды келе жатқан Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!