ҚР Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 29 қаңтардағы бұйрықпен жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелеріне құқық беру ережесіне өзгерістер енгізді.
Атап айтқанда, жаңа редакцияда жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол берілетіні айтылған.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі.
ЖТҚ үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері (қолдаухаттары) арнайы есепке алынады және бөлінуге арналған алаңдар дайындалуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.
Қазақстандықтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру олардың өтініштері арнайы есепке қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте бұрын ЖТҚ үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен берілген жер учаскесін жеке меншікке алу үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш беру қажет екені нақтыланады.
Бұйрық 2025 жылғы 15 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.