Ағымдағы жылдың 11 наурызында Жетісу облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Е. Әпеков Жетісу облысы Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыста кәсіпкерлерге жер учаскелерін мүмкіндігінше ашық әрі әділ бөлу мәселесі талқыланды. Басқарма басшысы жер қатынастары саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар туралы айтты.